Четверг
02.05.2024
08:06
Полезные сайты
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 147
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Музыка
Форма входа
Календарь
«  Май 2024  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031
Архив записей
Друзья
  • Сайт учителя географии
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • ...
    Жарнама
    Әділханова Ләззат Өксікбайқызы
    Қазақ тілі Сынып 9
    Сабақтың тақырыбы: Қазақ батырлары « Елінің даңқын батыры шығарар, Батыры шығармаса, ақыны шығарар .» Сабақтың мақсаты: Білімдік : оқушыларға «Қазақ батырлары» туралы мәлімет беру; тақырып бойынша білімдерін жүйеге келтіріп пысықтау, тиянақтау, грамматикалық ұғымдарды сауатты әрі дұрыс қолдану дағдыларын қалыптастыру. Пәнге қызығушылығын арттыру. Дамытушылық: электрондық оқулық арқылы ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін дамыту; ой түйіндеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру; мәтінді қазақ тілінде әңгімелеуге , ауызекі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін кеңейту. Тәрбиелік: Қазақтың тарихи тұлғаларын біліп, құрметтеуге тәрбиелеу Сабақтың түрі: аралас Сабақтың әдісі: әңгімелеу , сұрақ –жауап, талдау, сөйлесу іздендіру, дәлелдеу, Көрнекілік материал: электрондық оқулық, суреттер, карточкалар, тірек- сызба, слайдтар. Сабақтың барысы : І .Ұйымдастыру. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 1т. 32 б мазмұнын айту ІІІ. Жаңа сабақ Мұғалім сөзі - Балалар, бүгінгі сабақ «Қазақ батырлары». - Қазақ халқының даңқын қандай батырлар шығарды? - Қандай ерлік, Отан туралы мақал –мәтелдер білесіңдер? Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру 2.Ой шақыру. «Қазақ батырлары» тірек - сызба арқылы жұмыс Қазақ батырлары Қабанбай батыр Бөгенбай батыр Райымбек батыр ( 1691 – 1769 ) (1680-1775) Шын аты Ерасыл сарбаз мектебінде оқыған Әкесі Қожағұл батыр 1708ж 30мың жасаққа қолбасшы болған Қалмақтармен шайқасады Қаракерей Қабанбай Абылай хан Дарабоз Қабанбай Деген атақ береді ІҮ.Сөздік жұмыс 1. Тақырып бойынша өтетін сөздер мен сөз тіркестерінің мағыналарын түсіндіріп , аудару. 2. Дұрыс айтуға дағдыландыру. - Мұғалім мәнерлеп оқиды . - Оқушылар мұғалімнен кейін дауыстап қайталайды. - Оқушылар тізбекпен оқиды . 3. Сөз тіркестерін құру . 4. Сөзйлемдер құрастыру 1.Лексикалық тақырып Қазақ батырлары 1. Қызығушылықты ояту. «Қазақ батырлары » Бейнефильмнен үзінді көру. 2. « Ой қозғау » « Батырлар туралы не білесің?» 3. «Білгіштер» ойыны Сұрақтарға жауап беру. 1. Қазақ батырлары немен шұғылданған? 2. Қазақ батырларының қандай міндеттері болған? 3. Қабанбайды ел қалай атаған? 4. Қабанбай қайда жерленген? 5. «Қанжығалы қарт » деп кімді атаған? 6. Бөгенбай батыр қайда туған, қай жерде қайтыс болған? 7. Бөгенбай батыр қандай адам болған? 8. Оның неше баласы болған? 9. 1761 жылы Қытайға кіммен, не үшін барған? 10. Қазақ батырларының бар өмірі қайда өткен? 11. Үлкен соғыс алдында батырлар неге шықкан? 12. Абылай ханның батырларының ішіндегі ең үлкен ағасы кім? 13.Бөгенбай батыр 1728 жылы 38 жасында неше мың қолға қолбасшы болды? 4. « Ойлану сатысы » тапсырма жұмысын орындау 1. Электрондық оқулықпен жұмыс. ( тақтада жұмыс) а) тапсырманы орындау б) тест сауалдары 2. Карточкалармен жұмыс Өздік жұмыс 1-жаттығу. Жақша ішіндегі сөздер мен сөз тіркестерін қазақ тіліне аударыңыз. 1. Ертеде қазақ батырлары тек әскери кәсіппен ғана (занималисъ). 2. Наурызбай Құтпанбетүлы - (один из трех батыров Аблай хана), қолбасшы. 3. (В войне с джунгарами) оның Құдайберген, Шолпан, Дүйсен деген үш бірдей бауыры да (погибли). 2-жаттығу. Жақша ішіндегі сөздер мен сөз тіркестерін қазақ тіліне аударыңыз 1. Наурызбай батырдың 1729 жылы Шамалған мен Қаскелеңді жекпе-жекте өлтіргені (широко распространилось по казахской степи). 2. 1750-1752 жылдары көп қазақты (освободил из плена). 3. (В областях, районах Казахстана) Наурызбай батырдың аты (присвоено улицам), Наурызбай батырға арнап (установлены памятники). 3-жаттығу. Мына сөйлемдерге сұрақ қойыңыз. 1. Қазақ батырлары әскери кәсіппен шұғылданған. 2. 1745 жылы Қабанбай батыр Ресей қоластына өтуге тілек білдірді. 3. XVIII ғасыр-дың бірінші жартысында қазак, халқын торлаған көп жауды қорғауда Бөгенбай батыр көп ерлік көрсетті. 4-жаттығу. Мына сөйлемдерге сұрақ қойыңыз. 1. Наурызбай батырдың 1729 жылы Шамалған мен Қаскелеңді жекпе-жекте өлтіргені қазақ даласына кеңінен тараған. 2. Қазақстан облыстарында, аудандарында үш батырдың аттары көшелерге берілген. 5-жаттығу. Мына сөйлемдерге сұрақ қойыңыз. 1. Қазақ батырлары әскери кәсіппен шұғылданған. 2. 1745 жылы Қабанбай батыр Ресей қоластына өтуге тілек білдірді. 3. XVIII ғасырдың бірінші жартысында қазак, халқын торлаған көп жаудаы қорғауда Бөгенбай батыр көп ерлік көрсетті. 4. Наурызбай батырдың 1729 жылы Шамалған мен Қаскелеңді жекпе-жекте өлтіргені қазақ даласына кеңінен тараған. 5. Қазақстан облыстарында, аудандарында үш батырдың аттары көшелерге берілген. 5. Сөзжұмбақ шешу 6. Диалог бойынша өзара сөйлесу. 7.Қорытынды - Бүгін сабақта біз не білдік? - Не үйрендік? - Не білгім келеді? Х.. Үй тапсырмасы: 2т. 35б 5 ыңғайлас салалас құрм.сөйлем құрастыру.
    Адамдықтың белгісі – иіліп сәлем бергені
    Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Әліпби.
    Сабақтың мақсаты: Қазақ тіліндегі әріптермен таныстыру. Олардың шығу тарихымен таныстыру, жазылу және айтылуы емлелерін үйрету. Танысуға байланысты жаңа сөздер мен сөз тіркестерін беру , оларды айтуға үйрету, оларды сөйлем құрамында пайдалануға,өз бетінше сөздерді пайдалана отырып сөйлетуге қалыптастыру. Ойын элементі арқылы жаңа сөздерді есте сақтауын дамыту. Тілге деген қызығушылығын ояту. Сабақтың түрі: Жаңа сабақ Сабақтың өту әдісі: Тәжірибелік сабақ Сабақтың көрнекілігі: Тапсырмалар, электрондық оқулық. Сабақтың барысы І. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу . Сабақтың мақсаты және тақырыбен таныстыру. ІІ. Жаңа сабақ Кіріспе сөз: Құрметті тыңдаушылар Сіздермен бүгін қазақ тіліне тән дыбыстармен және қазақ алфавитімен танысамыз. 1. Қазақ тіліне тән дыбыстар: 9 оның 4 дауысты ә,і,ү,ұ,ө және 4 дауыссыз ң,ғ,қ,һ. 2. Ә, І, Ң, Ғ, Ү, Ұ, Қ, Ө, Һ

    Электрондық оқулық бойынша тақырыпты игеру. 3. Жаңа сөздер мен сөз тіркестерімен танысу - Сәлем!Привет!Непринужденное, широко распространенное приветствие среди молодежи.
    - Сәлеметсіз бе?Здравствуйте!
    - Қайырлы таң!Доброе утро!
    - Қайырлы кеш!Добрый вечер!
    - Қайырлы күн!Добрый день!
    - Кеш жарық!Добрый вечер!
    - Ассалаумағалейкүм!Мир вашему дому!Широко распространенное приветствие среди мужчин старшего поколения.
    - Уағалейкүмассалам!И Вашему дому мир!
    - Амансыз ба? - Здоровы ли Вы?
    - Есенсіз бе? - Благополучны ли Вы?
    - Денсаулығыңыз қалай?- Как Ваше здоровье?
    - Жағдайыңыз қалай? - Как у Вас дела?
    - Көңіл-күйіңіз қалай? - Как Ваше настроение?
    - Аман-есенсіз бе? - Живы-здоровы ли Вы?
    Практикалық тапсырмаларды орындау. Сөздерден дауысты және дауыссыз дыбыстарды табу және атап көрсету. Бекіту кезеңі 1.Тақырып бойынша тапсырмалар орындау. 2. сұхбаттасу Үлгі. - Сәлеметсіз бе? - Сәлеметсіз бе№ - .................................. - .................................... Қорыту кезеңі: Сөздерді қайталау Екі бағандағы сөздердің аудармасын жазу. Привет!Непринужденное, широко распространенное приветствие среди молодежи.
    Здравствуйте!
    Доброе утро!
    Добрый вечер!
    Добрый день!
    Добрый вечер!
    Мир вашему дому!Широко распространенное приветствие среди мужчин старшего поколения.
    И Вашему дому мир!
    1 топ 2 топ - Сәлем!
    - Сәлеметсіз бе?
    - Қайырлы таң!
    - Қайырлы кеш!
    - Қайырлы күн!
    - Кеш жарық!
    - Ассалаумағалейкүм!
    - Уағалейкүмассалам!
    Үйге тапсырма беру. Сөздерді қайталау.
    Сабақтың тақырыбы: Отбасым – алтын тірегім
    Сабақтың мақсаты: Отбасы тақырыбы бойынша жаңа сөздер мен сөз тіркестерін таныстыру, айтылуын үйрету. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін дұрыс айын қалыптасытыру.жаңа сөздерді есте сақтау және сөйлем құрату.Өз бетінше сөздерді пайдалана отырып сөйлетуге қалыптастыру. Ойын элементі арқылы жаңа сөздерді есте сақтауын дамыту. Тілге деген қызығушылығын арттыру. Сабақтың түрі: Аралас сабақ Сабақтың өту әдісі: Тәжірибелік сабақ Сабақтың көрнекілігі: Электрондық оқулық. Сабақтың барысы І. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу . Сабақтың мақсатымен таныстыру. ІІ. Жаңа сабақ Кіріспе сөз: Құрметті тыңдаушылар Сіздермен бүгін өздерңіздің отбасыларыңыз туралы айтып үйренеміз. Жаңа сөздерді үйрену .Таныс емес сөздерді дәптерлеріңізге жазып алыңыздар, жаңа сөздермен танысып соларды есте сақтайық. Жанұя, шағын, үлкен (емес), жолдас, жұбай, әйел, ата-ана, әке- шеше (ана), әпке,тәте, аға, іні, қарындас, ұл, қыз, балалар, зейнеткер, тату- тәтті, туыс, кең, жоқ, жер, ел, туған жер, жерлес, ұлт:орыс, қазақ, неміс. Қостанайданмын, ықшам аудан, көше, даңғылы Практикалық тапсырма. 1. Сұхбаттасу. 2. Отбасы туралы әңгімелеу. Бекіту кезеңі Сұрақ- жауап Қорыту кезеңі: Сөздерді қайталау , сөздердің аудармасын айту. Үйге тапсырма беру. Отбасың туралы әңгімелеу. Сабақтың тақырыбы: Танысқаныма қуаныштымын.
    Сабақтың мақсаты: Жаңа тақырыппен таныстыру жаңа сөздер мен сөз тіркестерін беру, сөйлем құрату.Өз бетінше сөздерді пайдалана отырып сөйлетуге қалыптастыру. Ойын элементі арқылы жаңа сөздерді есте сақтауын дамыту, үйренген сөздерді қайталау..Өз бетінше отбасы туралы айту, жазу. Әр адамның отбасы мүшелерін сыйлау. Сабақтың түрі: Аралас сабақ Сабақтың өту әдісі: Тәжірибелік сабақ Сабақтың көрнекілігі: мәтін, үлестірме қағаздары. Сабақтың барысы І. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу . Сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру. ІІ. Үйге берілген сөздерді сұрау. 1 тапсырма «Кім жылдам» ойынын екі топқа бөлініп ойнайық. Берілген сөздерді қазақ тілінен орыс тіліне аударыңыз. Денсаулығыңыз қалай? Жағдайыңыз қалай? - Сәлеметсіз бе? - Қайырлы таң! Жанұя, шағын, үлкен (емес), жолдас, жұбай, әйел, ата-ана, әке- шеше (ана), әпке,тәте, аға, іні, қарындас, ұл, қыз, балалар, зейнеткер, тату- тәтті, туыс, кең, жоқ, жер, ел, туған жер, жерлес, ұлт:орыс, қазақ, неміс. Қостанайданмын, ықшам аудан, көше, даңғылы Өз бетінше сөздерді пайдалана отырып сөйлетуге қалытастыру. Ойын элементі арқылы жаңа сөздерді есте сақтауын дамыту.Өз бетінше отбасы туралы айту. ІІ. Жаңа сабақ Кіріспе сөз: Құрметті тыңдаушылар Сіздермен бүгін біріміз бен біріміз танысамыз. Танысуға байланысты сөздермен танысу. Жаңа сөздерді үйрену. лауазым - должность қуаныштымын - рад(рада) көңіл-күй - настроение жаман емес - неплохо онша емес - не очень ақырындап - потихоньку әріптес - коллега тыңдаушы - слушатель жетекші - ведущий мекеме - учреждение кәсіпорын - предприятие бөлім бастығы - начальник отдела маман - специалист бас маман - главный специалист ІІІ . практикалық тапсырма. Сөздерді қайталау. Сұхбаттасу Үлгі: - Сәлеметсіз бе? - Сәлеметсіз бе? - Таныс болайық! - Таныс болайық! - Атыңыз кім? - Айгүл. Ал сіздің атыңыз ше? - Менің атым - Сұңқар. - Жағдайыңыз қалай? - Рахмет! Жаман емес. - Денсаулығыңыз ше? - Жаман емес. ІV. Бекіту кезеңі: Сөздерді қайталау. Тапсырманы жазу. V. Қорыту кезеңі. Қайталау. Үйге тапсырма беру. Өздеріңізбен танысқан адам туралы әңгіме жазып келіңіз
    Сабақтың тақырыбы: Білім игілікті қазына.
    Сабақтың мақсаты: Жаңа тақырыппен таныстыру жаңа сөздер мен сөз тіркестерін беру, сөйлем құрату.Өз бетінше сөздерді пайдалана отырып сөйлетуге қалыптастыру. Ойын элементі арқылы жаңа сөздерді есте сақтауын дамыту, үйренген сөздерді қайталау..Өз бетінше отбасы туралы айту, жазу. Әр адамның отбасы мүшелерін сыйлау. Сабақтың түрі: Аралас сабақ Сабақтың өту әдісі: Тәжірибелік сабақ Сабақтың көрнекілігі: мәтін, үлестірме қағаздары. Сабақтың барысы І. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу . Сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру. ІІ. Үйге берілген сөздерді сұрау. 1 тапсырма «Кім жылдам» ойынын екі топқа бөлініп ойнайық. Берілген сөздерді қазақ тілінен орыс тіліне аударыңыз. Денсаулығыңыз қалай? Жағдайыңыз қалай? - Сәлеметсіз бе? - Қайырлы таң! Жанұя, шағын, үлкен (емес), жолдас, жұбай, әйел, ата-ана, әке- шеше (ана), әпке,тәте, аға, іні, қарындас, ұл, қыз, балалар, зейнеткер, тату- тәтті, туыс, кең, жоқ, жер, ел, туған жер, жерлес, ұлт:орыс, қазақ, неміс. Қостанайданмын, ықшам аудан, көше, даңғылы Өз бетінше сөздерді пайдалана отырып сөйлетуге қалытастыру. Ойын элементі арқылы жаңа сөздерді есте сақтауын дамыту.Өз бетінше отбасы туралы айту. ІІ. Жаңа сабақ Кіріспе сөз: Құрметті тыңдаушылар Сіздермен бүгін біріміз бен біріміз танысамыз. Танысуға байланысты сөздермен танысу. Жаңа сөздерді үйрену. лауазым - должность қуаныштымын - рад(рада) көңіл-күй - настроение жаман емес - неплохо онша емес - не очень ақырындап - потихоньку әріптес - коллега тыңдаушы - слушатель жетекші - ведущий мекеме - учреждение кәсіпорын - предприятие бөлім бастығы - начальник отдела маман - специалист бас маман - главный специалист ІІІ . практикалық тапсырма. Сөздерді қайталау. Сұхбаттасу Үлгі: - Сәлеметсіз бе? - Сәлеметсіз бе? - Таныс болайық! - Таныс болайық! - Атыңыз кім? - Айгүл. Ал сіздің атыңыз ше? - Менің атым - Сұңқар. - Жағдайыңыз қалай? - Рахмет! Жаман емес. - Денсаулығыңыз ше? - Жаман емес. ІV. Бекіту кезеңі: Сөздерді қайталау. Тапсырманы жазу. V. Қорыту кезеңі. Қайталау. Үйге тапсырма беру. Өздеріңізбен танысқан адам туралы әңгіме жазып келіңізырыңдар. ХІ. Бағалау.
    1 – тапсырма. Мәтінді оқып, аударыңыз.
     Қазақстан Қазақстан - көп ұлтты, егеменді, тәуелсіз мемлекет. Қазақстанның тұңғыш Президенті - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Мемлекеттік рәміздері - елтаңба, байрақ, гимн. Халқының саны 17 миллионнан асады. Қазіргі Қазақстанда 130 ұлттың өкілдері тұрады. Жер көлемі 2,7 миллион шаршы шақырымнан асады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Қазақстанның бас қаласы - Астана қаласы. Қазақстан жері пайдалы кендерге бай, жер шарында кездесетін кен байлықтарының бәрі бар. Олар: темір рудасы, түсті және асыл металдар (мыс, қорғасын, қалайы, күміс, алтын және басқалары), көмір, мұнай, фосфориттер. 2 – тапсырма. Мәтіннен сан есімдерді тауып, топқа бөліп жазыңыз. l Есептік l Реттік l Жинақтық l Бөлшектік l Топтау l Болжалдық 3 – тапсырма. Мәтіндегі сандарды берілген сөздермен сәйкестендіріңіз. Халқының саны; пайдалы кендерге; асыл металдар; шаршы шақырымнан; елтаңба, байрақ, әнұран; ұлттың өкілдері; бас қаласы; егеменді, тәуелсіз;
    Қазақстан Қазақстан - көп ұлтты, (1)_________мемлекет. Қазақстанның тұңғыш Президенті - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Мемлекеттік рәміздері - (2)_______. (3)___________17 миллионнан асады. Қазіргі Қазақстанда 130 (4)_________ тұрады. Жер көлемі 2,7 миллион (5)_________ асады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Қазақстанның (6)_________- Астана қаласы. Қазақстан жері (7)________бай, жер шарында кездесетін кен байлықтарының бәрі бар. Олар: темір рудасы, түсті және (8)_______ (мыс, қорғасын, қалайы, күміс, алтын және басқалары), көмір, мұнай, фосфориттер. Мақал – мәтелдер Туға тағзым - тарихқа тағзым. Туға құрмет - елге құрмет. Отансыз адам - ормансыз бұлбұл. Отанға опасыздық еткенің, өз түбіңе жеткенің. 4 – тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті септік жалғауын жалғап, ол қандай септік екенін атаңыз. Қазақстан... тұңғыш Президенті - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Халқы... саны 16 миллион... асады. Қазіргі Қазақстан... 130 ұлт... өкілдері тұрады. Жер көлемі 2,7 миллион шаршы шақырым... асады. Қазақстан Республикасы... мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Қазақстан... бас қаласы - Астана қаласы. Қазақстан жері пайдалы кендер... бай, жер шарында кездесетін кен байлықтары... бәрі бар. 5 – тапсырма. Мына сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыз. l Егеменді мемлекет, тәуелсіз ел; l Алтын шуақты күн бейнесі; l Қанатты қыран - еркіндік белгісі; l Алтын түспен берілген; l "Қазақстан” деген жазу бар; l Ұлттық өрнек бейнеленген. 6 – тапсырма. Сызба бойынша әңгіме құрастырыңыз. Полезные ископаемые

    Территория, необъятная

    Моя родина

    Қазақстан

    Я здесь родился и вырос

    Моя родная страна

    Независимое суверенное государство

    Государственные символы, они

    Государственный язык

    Астана и области

    Представители национальностей, живут дружно, многонациональное

    Количество населения

    природа

    7 - тапсырма. Сөздерді аударыңыз, мәтін құрастырыңыз. Многонациональное суверенное, независимое государство. Государственные символы: гимн, герб, флаг. Қазақстан Площадь более 2,7 млн. кв. км. Главный город Казахстана - Астана. Численность населения более 16 млн. Богат полезными ископаемыми. 8 – тапсырма. Асты сызылған сөздерге сұрақ қойыңыз. Үлгі: Қазақстан қандай мемлекет? Қазақстан - көп ұлтты, егеменді, тәуелсіз мемлекет. Қазақстанның тұңғыш Президенті - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Мемлекеттік рәміздері- елтаңба, байрақ, гимн. Халқының саны 16 миллионнан асады. Қазіргі Қазақстанда 130 ұлттың өкілдері тұрады. Жер көлемі 2,7 миллион шаршы шақырымнан асады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Қазақстанның бас қаласы - Астана қаласы. Қазақстан жері пайдалы кендерге бай, жер шарында кездесетін кен байлықтарының бәрі бар. Олар: темір рудасы, түсті және асыл металдар (мыс, қорғасын, қалайы, күміс, алтын және басқалары), көмір, мұнай, фосфориттер.
    10-сынып (ЖМБ) Диктант
     Қымыз. Қымыз-биенің ашыған сүті. Қымызды ашытып, баптау – өте күрделі. Қазақтар қымызды, көбінесе, жылқы терісінен жасалған сабада, торсықта ашытады. Қымыздың сапасы тікелей оны пісуге байланысты. Сабаға 100 литрден астам, торсыққа 10-20 литр қымыз кетеді. Қымызды ашыту қорын сол қымыздың өзінен жасайды. Күзде сабадағы немесе торсықтағы қымыз тұнған кезде, ыдыстың қоюы жиналады. Міне, сол қоюдың дорбаға құйып, салқын жерде келесі маусымға сақтайды. Жаңа сауылған бір шелек бие сүтіне бір ожау сақталған қордан салып, бір тәулік жылы жерге қою керек. Содан соң осы қор үнемі қымыз ашытуға пайдаланылады. Қазақтар сабаға семіз сүр қазы да салып отырады. Қазы салып жақсылап пісілген қымыздың бабы да, дәмі де өзгеше болады. (105 сөз) Тапсырмалар: 1. Берілген сөздерге морфологиялық талдау жасаңыз: 1-нұсқа 2-нұсқа Терісінен ыдысына Торсықтағы сабадағы 2. Мына сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңыз: 1-нұсқа Қазақтар сабаға семіз сүр қазы да салып отырады. 2-нұсқа Қазы салып жақсылап пісілген қымыздың бабы да, дәмі де өзгеше болады.